ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 қазан 2014 11:12
Прокурорлар Ақтауда 72 жетім баланың жарақаттанғанын анықтады
Ақтаудағы балалар үйі мен балалар ауылындағы тәрбиеленушілердің дене жарақаты барын анықталды, - деп хабарлайды қала прокуроры Талғат Әлібаев. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" хабарлайды.
"Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы" және "Маңғыстау облыстық балалар үйі" мемлекеттік мекемелерінің жұмысын тексеру кезінде балалардың дене жарақатын алу бойынша Ақтау қалалық ІІБ арыздар мен ақпарат есеп кітабына тіркелмеген 72 дерек анықталды, сәйкесінше жарақат алу себебін тексеру шаралары өкізілмеген", - деді ол Ақтаудағы брифингте.
"Мұнымен бірге, көрсетілген мекемелердің әкімшілігі тиісті тексерістер өткізбеді", - деп мәлімдеді Әлібаев.
Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта бұл балалар мекемелерімен қалалық прокуратура айналысып жатқанын айтты.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу