ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 қыркүйек 2024 15:31
Пышақтап кеткен: дәрігерлер Шымкентте шабуыл жасалған полицейдің жағдайын айтты
Шымкент дәрігерлері 1 қыркүйекте пышақ жарақатын алған полицейдің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына слтеме жасап.
Дәрігерлер мәліметінше, 35 жастағы ер адам түскен кезде бел аймағында пышақ жарақаты болған және қан кеткен. Жәбірленушіге операция жасалды.
Қазір дәрігерлер науқастың жалпы жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Кейінірек ол хирургиялық бөлімге ауыстырылады.
Еске салайық, 1 қыркүйекте Шымкентте өтіп бара жатқан адам полиция қызметкеріне шабуыл жасап, арқасынан пышақ сұғып алған. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды.
Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, шабуылдаушы ұсталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу