Қағып кеткен әйелді суға батырған - Прокурорлар павлодарлықтың ісі жайында

Иллюстрациялық сурет dvinatoday.ru

Павлодар облысы прокуратурасыны? ?кілдері к?лікпен ?а?ып кеткен со?, су?а батырыл?ан ?йелді? ісіне ?атысты жазаны? неге же?іл бол?анын т?сіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Павлодар облысы прокуратурасының өкілдері көлікпен қағып кеткен соң, суға батырылған әйелдің ісіне қатысты жазаның неге жеңіл болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, Павлодар облысының 26 жастағы тұрғыны әйелді қағып кетіп, кейін оны көлікке салып, суға батырады. Сот ер адамды "Абайсызда адам өлтіру" бабы бойынша кінәлі деп тауып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырады. Әлеуметтік желі қолданушылары үкімді тым жеңіл деп есептеп, түсінік талап етті. 

Ал Павлодар облысы прокуратурасының өкілдері сот үкімінің негізі бар болғанын айтады. Сот отырыстары кезінде мемлекеттік айыптаушы істі ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-таракының 10-тармағынан ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-тарауына ауыстыруды шағым берген. 

Реклама
Реклама

"Мұндай шешім сот отырыстары кезінде айыпталушының адамды қасқана өлтіргені туралы дәлелдің болмағанына байланысты қабылданды", - делінген Павлодар облысы прокурорының орынбасары Бауыржан Мырзакеровтың Tengrinews.kz тілшісінің сауалына қайтарған жауабында. 

Ресми жауап бойынша, сотталушы әйел адамның тірі екенін білмеген. Әйел адамның суда тұншығып мерт болғанын ол сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққанан кейін ғана білген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама