Қала орталығынан табылған жылан қарағандылықтарды шошытты

?ара?андылы?тар "Грандстор" мен "Таир" д?кендеріні? арасынан табыл?ан жыланды бай?ап ?алды. Ол улы емес жылан болып шы?ты, дегенмен жылан кейбір т?р?ындарды шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандылықтар "Грандстор" мен "Таир" дүкендерінің арасынан табылған жыланды байқап қалды. Ол улы емес жылан болып шықты, дегенмен жылан кейбір тұрғындарды шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сағат 12.00-де бізге қоңырау келіп түсті. Біздің қызметкерлер жедел түрде оқиға орнына барып, жыланды ұстады. Ол ешқандай қауіп төндірген жоқ, сондықтан оны қауіпсіз дала жеткізді", - деді ТЖД баспасөз қызметінің маманы Айдана Жүніс.

Реклама
Реклама

Жыланның ұсталған сәті түсірілген видео Instagram желісіндегі  @Shok_krg парақшасында пайда болды. Онда қолданушылардың жыланның қалада неліктен жүрген болуы мүмкін екенін жазып жатыр. Қолданушылардың бірі жыланды біреудің сатып алып, әдейі көшеге жібергенін айтса, тағы біреулері оның қалада жүруіне сол маңда орналасқан азық-түлік базары себеп болды деп отыр. Олардың айутынша, жылан көкөністермен бірге осында келген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама