Қамауға алынған Лилия Рах қолдау білдіргендерге алғыс айтып, хат жолдады

© Instagram

?аза?станды? дизайнер Алексей Чжен ?зіні? Instagram желісіндегі пара?шасына Лилия Рах жаз?ан ал?ыс хатты жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ?зіні? хатында Лилия Рах о?ан ж?не оны? отбасына ?олдау к?рсетіп отыр?ан азаматтар?а ал?ыс білдіреді.

Қазақстандық дизайнер Алексей Чжен өзінің Instagram желісіндегі парақшасына Лилия Рах жазған алғыс хатты жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өзінің хатында Лилия Рах оған және оның отбасына қолдау көрсетіп отырған азаматтарға алғыс білдіреді.

"Мен, Рах Л., маған және менің балаларыма қолдау көрсетіп жатқан барлық адамға алғыс айтамын. Сенімдеріңізге рақмет. Қазіргі уақытта сіздердің маған деген сенімдеріңіз мен үшін өте маңызды. Шын жүректен, Лилия Рах", - делінген хатта.

Алексей Чжен Tengrinews.kz тілшісімен сұхбаттасу барысында Лилия Рахтың денсаулығы жайлы айтып берді.  "Лилия бұл хатты ұлы арқылы жіберді. Оның көңіл-күйі жақсы. Лилия оның достары мен әріптестерінің қолдау көрсетіп жатқанына риза. Сондықтан ол осындай мазмұндағы хатты жазды. Ол жуырда бұл мәселенің шешілетінін және расында да не болғаны жайлы мәлімдеме жасайтынын айтты. Осы жағдайларға байланысты оның денсаулығы әлсіз. Күйзеліске ұшырады, ауырып жатыр. Онымен қоса оның жүрегі де ауырады", - деді қазақстандық дизайнер.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер Sauvage бутигінің иесі Лилия Рахтың қамауға алынғанын растаған еді. Айта кетейік, Лилия Рах Sauvage сән бутигінің иесі. 2015 жылы сән саласында әлемнің ең абыройлы 500 адамының тізіміне енген. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама