Қапшағай тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді

©Some.kz

8 маусымда Алматыдан солтүстікке қарай 83 шақырым қашықтықта магнитудасы 3,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жер сілкінісі Қазақстан территориясында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Зілзаланың энергетикалық класы - 8.7. Жерасты дүмпулері Қапшағайда МSК-64 шкаласы бойынша 2 балдық күшпен сезілді.

Еске салайық, 3 шілдеде Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 83 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісі Қырғызстан территориясында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Зілзаланың энергетикалық класы - 10.6. Жерасты дүмпулерінің адамдар мен ғимараттарға әсері туралы мәлімет жоқ.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама