Қапшағайда үш слесарь құдық тазалау кезінде қайтыс болды

Қапшағайда үш слесарь құдық тазалау кезінде қайтыс болды © zi.dn.ua

Алматы облысында үш слесарь құдық тазалау кезінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2018 жылы 28 тамызда 11:49-да Қапшағайдағы сорғыш станциясының 10-ыншы кәріз жүйесінде болды.

"Жоспарлы канализациялық құдықта тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде, болжаммен, "Қапшағай Су құбыры" мекемесінің 1964, 1965 және 1967 жылғы үш слесарі метан газына уланып, қайтыс болған", - делінген хабарламада. 

Жарнама
Жарнама

Қайтыс болған адамдардың денесін Алматы облыстық ТЖД қызметкерлері құдықтан алып шыққан. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама