Қарағанды-Балқаш тасжолында болған апаттың видеосы жарияланды

Motor.kz порталы ?ара?анды-Бал?аш тасжолында А?шатау ауылында 19 ?арашада бол?ан жол апатыны? видеосын жариялады, онда ГАЗель автобуспен со?ыс?ан. 

Motor.kz порталы Қарағанды-Балқаш тасжолында Ақшатау ауылында 19 қарашада болған жол апатының видеосын жариялады, онда ГАЗель автобуспен соғысқан. 

Жол-көлік оқиғасынан алған жарақатынан оқиға орнында автобус жүргізушісі мен "ГАЗель" жолаушысы қаза болған. Тағы алты адам ауруханаға жатқызылған, оның бесеуі - автобус жолаушылары, ал біреуі  "ГАЗель" жүргізушісі. Зардап шеккен үш адам Қарағанды ауруханасына, ал біреуі облыстық медорталыққа және екеуі Мақажанов атындағы емханаға жатқызылған. Оқиға кезінде автобус салонында 15 жолаушы болған. 

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша жүргізіліп жатыр. Арнайы сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама