Қарағанды облысында 12 адам дөнерден уланды

Қарағанды облысында 12 адам дөнерден уланды © kz.all.biz

Қарағанды облысы Абай қаласында дөнерден 12 адам уланып, медициналық көмекке жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарағанды облысы Абай қаласында дөнерден 12 адам уланып, медициналық көмекке жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Зардап шеккендер қазанның 22-24 аралығында ауруханаға қаралған. 

"Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында "ауыр деңгейдегі ішек инфекциясы" диагнозымен тоғыз адам жатыр. Олардың жетеуі ересек адам, ал қалғаны екі бала тоғызда және 15 жаста. Барлығының жағдайы бірқалыпты, қажетті ем қабылдап жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Айжан Иса. 

Жарнама
Жарнама

Емделушілер таяу күндері қаладағы дөнер сататын жерден тамақтанғанын айтады. 

"Жағдайды тұрақтау және ары қарай таралмасы үшін дөнер сататын орынға жоспардан тыс тексеру шаралары жүргізіледі. Ол жерде заттардың барлығы сараптамаға жіберілді. Сонымен қатар, сол жерде жұмыс істейтін адамды да патогенді микрофлора тасушы ретінде тексеруге жіберілді", - деді қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің өкілдері.

Сонымен қатар, департаменттегілер, дөнер дүңгіршегінің қызметкері уақытша қызметіне босатылғаны хабарланды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама