Қарағанды облысында 18 жастағы сарбаз қаза тапқан

Дина Муратова Редактор
© фото: Tengrinews.kz

Қарағанды облысы Қоңыртөбе кентінің түзету мекемесінде басына оқ тиіп қаза тапқан 18 жастағы сарбаз табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы Қоңыртөбе кентінің түзету мекемесінде басына оқ тиіп қаза тапқан 18 жастағы сарбаз табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаза болған сарбазды 20 ақпанда тапқан. Ол 6505 әскери бөлімінде қызмет еткен. Оқиғаға дейін ол қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің қарауыл бекетінде тұрған. Сарбаз былтыр желтоқсан айында Алматы облысы Талғар ауданынан әскери қызметке шақырылған.

"Сарбаз өз басына жарақат жасап қаза тапқан. Оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Аймақтың орталық әскери-тергеу басқармасының шұғыл тергеу тобы тексеріс жасап жатыр. Қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіледі", - деді ҚР Ұлттық ұлан "Орталық" аймақтық қолбасшылығының баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Ведомство өкілдері сарбаздың туыстарына көңіл білдірді. Қатардағы сарбаз екінші атқыштар батальонында қызмет еткен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама