Қарағанды облысында 77 жастағы қария полицияға граната алып келді

Фото russianguns.ru сайтынан алынды

Қарағанды облысында 77 жастағы қария полицияға граната алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 ақпан күні Абай ауданы Топар ауылының тұрғыны полицияға "Ф-1" маркалы әскери гранатаны өткізген. Зейнеткер оны гараж алабынан тауып алғанын айтқан. 

"Зейнеткердің тауып алған "Ф-1" маркалы гранатасы әскери болғанымен, жарылмайды, оның кейбір бөлшектері жоқ", - делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді. Осыған байланысты бірнеше сараптама тағайындалып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама