Қарағанды облысында 77 жастағы қария полицияға граната алып келді

Қарағанды облысында 77 жастағы қария полицияға граната алып келді Фото russianguns.ru сайтынан алынды

Қарағанды облысында 77 жастағы қария полицияға граната алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 ақпан күні Абай ауданы Топар ауылының тұрғыны полицияға "Ф-1" маркалы әскери гранатаны өткізген. Зейнеткер оны гараж алабынан тауып алғанын айтқан. 

"Зейнеткердің тауып алған "Ф-1" маркалы гранатасы әскери болғанымен, жарылмайды, оның кейбір бөлшектері жоқ", - делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді. Осыған байланысты бірнеше сараптама тағайындалып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама