Қарағанды облысында аттракцион-пойыз баланы басып қалды

видеодан үзінді

?ара?анды облысында аттракцион-пойыз баланы басып ?алды. Екі жасар бала анасынан ?ашып кетіп, аттракционны? астында ?алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарағанды облысында аттракцион-пойыз баланы басып қалды. Екі жасар бала анасынан қашып кетіп, аттракционның астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға Сәтбаев қаласында Мәдениет сарайының алдындағы алаңда болды. Екі жасар бала алаңда анасымен бірге серуендеп жүрген. Бір мезетте ол анасының қолынан шығып кетіп, аттракцион-пойызына жүгіріп барып, дөңгелектің астында қалып қойған. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Абырой болғанда, бала тек жеңіл жарақат алып, қорқып қалған. 


Видео youtube желісінен

Реклама
Реклама

"Ұлымның жасы - бір жыл тоғыз ай. Ол өте белсенді. Амал не, бұл біздің басымыздан өтті. Қуанышымызға орай, оның жағдай жақсы. Бір-екі жері сырылған. Қорқып қалыпты. Бізде қорқып кеттік", - дейді баланың анасы.

Сонымен қатар, осы оқиға болғаннан кейін баланың анасына әткеншектің қожайыны қоңырау шалып, пойыз алаңына қоршау орнатуға уәде берген. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама