Қарағанды облысында атыс болды

Қарағанды облысында атыс болды © 24.kz

Қарағанды облысындағы Ақтас ауылында атыс болып, салдарынан 34 жастағы ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД мәліметінше, осы іске қатысты күдіктілердің бірі ұсталды. Бір топ ер адам арасындағы жанжал өзара араздықтан шыққан екен. "Оқпен жарақаттау дерегі Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 99-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Сонымен қатар, күдіктінің кінәсін мойындағаны белгілі болды. Қару тәркіленді.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама