Қарағанды облысында екі автобус өртеніп кетті

видеодан үзінді

?ара?анды облысында екі автобус ?ртенді. ?ртті ??ірді? ТЖД ?ызметкерлері с?ндірді, ?ртті? неден шы??аны тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? т?тенше жа?дайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Қарағанды облысында екі автобус өртенді. Өртті өңірдің ТЖД қызметкерлері сөндірді, өрттің неден шыққаны тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Реклама
Реклама

Бірінші төтенше жағдай Жезқазған маңында орналасқан Кеңгір ауылында болған. Тимирязев көшесінің бойында № 98 бағытында жүретін жолаушылар автобусы өртенген. Өртті өңірдің ТЖД қызметкерлері сөндірді. Өрт шалған аумақ - 8 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. 

Екінші өрт Қарағандыда Ленин көшесінің бойында таңғы 07.52-де болған. № 4 бағытында жүретін жолаушылар автобусы өртенген. Құтқарушылар дер кезінде оқиға орнына келіп жеткен. 

"Өрт сөндірушілер 08.52-де өрттің тарауын тоқтатты, ал 08.05-те толығымен сөндірді. Жалын шарпыған аумақ 12 шаршы метр болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. 

Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны тексеріліп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама