Қарағанды облысында Land Cruiser Prado мінген полицейлер жол апатына ұшырады

Қарағанды облысында Land Cruiser Prado мінген полицейлер жол апатына ұшырады © zarulim.com.ua

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 18 шілдеде "Қарағанды-Ботақара" автожолында "Шансиман" жүк көлігінің жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, полиция қызметкерлері отырған Toyota Land Cruiser Prado көлігімен соғысып қалған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апаты салдарынан арнайы көлікте отырған полицияның екі қызметкері жарақат алып, Қарағандының орталық ауруханасына жеткізілді.

Реклама
Реклама

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама