Қарағанды облысында жол апатынан ауыл әкімі зардап шекті

© ysia.ru

?ара?анды облысыны? Сары?зек ауылыны? ?кімі Ж?маш Жиренбаев Теміртау-А?тау тас жолында жол-к?лік о?и?асынан зардап шекті. ?ызметтік к?лікте онымен ?атар та?ы бес адам бол?ан, оларды? барлы?ы Теміртау ?аласында?ы орталы? аурухана?а т?скен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарағанды облысының Сарыөзек ауылының әкімі Жұмаш Жиренбаев Теміртау-Ақтау тас жолында жол-көлік оқиғасынан зардап шекті. Қызметтік көлікте онымен қатар тағы бес адам болған, олардың барлығы Теміртау қаласындағы орталық ауруханаға түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, Reno Duster қызметтік көліктің жүргізушісі басқаруды игере алмай, жолдың қарсы бағытында келе жатқан Lada Priora автомобиліне соғысқан. Зардап шеккен бес адам Теміртау қаласындағы аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылған, тағы біреуін травматология бөлімінде қарап шыққаннан кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберген. 

"Олардың ешқайсысы жансақтау бөліміне жатқызылған жоқ, барлығының да жағдайы тұрақты. Олардың денсаулығына қауіп жоқ", - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мамандары. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Сарыөзек ауылының әкімі болып, Жұмаш Жиренбаев 2016 жылдың 8 желтоқсанында отырған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама