Қарағанды тұрғыны полицейдің қолын тістеп алды

©Тengrinews.kz

Қарағандыда мас адам тәртіп сақшысының қолын тістеп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне бір адамның қоғамдық тәртіпті бұзғаны туралы ақпарат келіп түскен. Учаскелік полиция инспекторы шақырту түскен пәтерге барады. "Полиция қызметкері барған пәтерде 47 жастағы қожайын болды. Азамат ішімдік ішкен және бірден полиция қызметкеріне қарсы шығып, оның қолын тістеп алды", - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі. 

Тәртіп сақшылары қоғамдық тыныштықты бұзған азаматты ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Оның үстінен билік өкіліне қарсы күш қолдану дерегі бойынша Қылмыстық Кодекстің 380-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай өткен жылдың 12 қыркүйегінде Хромтау қаласында болған еді. Тұрғын тәртіп сақшысын тістеп, тырнап алғаны үшін оған қатысты "Билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша іс қозғалды. Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындады, ол үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама