Қарағандыда аялдамада тұрған адамдарды BMW қағып кетті

Иллюстрация © Тұрар Қазанғапов

?ара?андыда аялдамада т?р?ан адамдарды авток?лік ?а?ып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарағандыда аялдамада тұрған адамдарды автокөлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін, сағат 14.00 шамасында болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, BMW автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, аялдамаға кіріп кеткен және онда тұрған адамдарды қаққан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 71 жастағы әйел оқиға болған жерде көз жұмды, ал 69 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Реклама
Реклама

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқиға куәгерлері жолдаған видео.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама