Қарағандыда анасы бір жасар сәбиін ауруханада қалдырып кеткен

Қарағандыда анасы бір жасар сәбиін ауруханада қалдырып кеткен

?ара?андыда ?йел бір жасар баласын ауруханада ?алдырып кеткен. Ол мамыр айыны? басында бол?ан мерекелер кезінде ?йіне бірнеше са?ат?а с?ранып кетіп, аурухана?а сол к?йі ?айтып келмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда әйел бір жасар баласын ауруханада қалдырып кеткен. Ол мамыр айының басында болған мерекелер кезінде үйіне бірнеше сағатқа сұранып кетіп, ауруханаға сол күйі қайтып келмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бір жасар сәби ауруханаға 24 сәуірде түскен. Жағдайы ауыр болып, жансақтау бөліміне жатқызылған. Екіжақты өкпе қабынуымен түскен. Кейінірек сәби респираторлық бөлімге ауыстырылған соң оның қасында әкесі мен анасы кезектесіп отырған. Алайда мамыр айының басында баланың анасы бірнеше сағатқа үйіне сұранып кетіп, әлі күнге дейін баласына келмеген. Осы күнге дейін сәбидің қасында дәрігерлер отырған.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, аурухана әкімшілігі сәби жайлы мәліметті оның мекенжайы бойынша тіркелген емханаға жолдады.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде сәбидің ата-аналары осы жағдайға қатысты түсінік берді. Әйелдің айтуынша, ол ертең ауруханаға барып, сәбиді алып кетпекші. Ол баладан бас тартып отырған жоқ екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама