Қарағандыда асқан жылдамдықпен көлікті соққан байкердің видеосы пайда болды

видеодан үзінді

?ара?андыда ас?ан жылдамды?пен к?лікті со??ан байкерді? видеосы пайда болды. Жол-к?лік о?и?асы 11 маусымда ?ара?андыны? Гудермес ж?не Гоголь к?шелеріні? ?иылысында бол?ан. Со??ыны? салдарынан мотоциклші бірнеше метрге ?шып кеткен, ал авток?лік то?сан градус?а б?рылып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарағандыда асқан жылдамдықпен көлікті соққан байкердің видеосы пайда болды. Жол-көлік оқиғасы 11 маусымда Қарағандының Гудермес және Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Соққының салдарынан мотоциклші бірнеше метрге ұшып кеткен, ал автокөлік тоқсан градусқа бұрылып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жантүршігерлік жол апатының видеосы Instagram желісінде жарияланды. Видеода қатты соққының салдарынан мотоциклшінің бірнеше метрге ұшып кеткен сәті түсірілген. Апат кезінде байкердің шлемі ұшып кетіп, ал мотоцикл шашылып түскен. Автокөліктің бір жағы қатты бүлінген. Тағы бір видеода байкердің өзі түскен. 

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мотоциклші жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр. 

"Зардап шегуші Облыстық медициналық орталықта жатыр. Ол жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады. Оның көптеген жарақаты бар: миы зақымданған, жамбасы сынған, басқа да жарақаттар мен сырылған жері көп. Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр", - деді Айжан Иса. 

Облыстық ІІД баспасөз қызметі осы жағдайға байланысты кейінірек мәлімдеме жасалатынын хабарлады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама