Қарағандыда автобусқа отырмақшы болған әйел оңбай жарақат алды

?ара?андыда автобус?а отырма?шы бол?ан ?йел о?бай жара?ат алды. Оны? айтуынша, ж?ргізуші ?йел адамны? салон?а кіріп ?лгермегенін к?ре т?ра ?о?амды? к?лікті ж?ргізе баста?ан. ?алалы? ?кімдік те осы дерекке ?атысты тексерісті баста?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарағандыда автобусқа отырмақшы болған әйел оңбай жарақат алды. Оның айтуынша, жүргізуші әйел адамның салонға кіріп үлгермегенін көре тұра қоғамдық көлікті жүргізе бастаған. Қалалық әкімдік те осы дерекке қатысты тексерісті бастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жазатайым оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Видеода беті қанға боялған әйел жолаушыларға автобус жүргізушісінің салғырттығынан осындай жағдайға тап болғанын айтады. Сол жердегі бір ер адам нақтылап, жағдайдың қалай болғанын сұрастырып, кондукторды шақыртады. Видеоға көліктің мемлекеттік тіркеу нөмері де түсірілген.  

Реклама
Реклама

Қалалық әкімдіктің жолаушылар тасымалдау секторының басшысы Ескендір Қабидолла осы жағдайға байланысты пікір білдірді. Оның сөзіне қарағанда шенеуніктер қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

"Біз қазір автобустың қай автопаркке тиесілі екенін анықтап жатырмыз. Видеода автобус нөмері қате түсірілген болуы мүмкін, ол 07-ші емес. Толығырақ мәліметті кейінірек хабарлаймыз", - деді Қабидолла.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама