Қарағандыда батут аударылып, бір бала көз жұмды

Камила Долаева Журналист
© Видеодан алынған кадр

Қарағандының орталық саябағында қатты желден батут аударылып, бір бала көз жұмды.

Қарағандының орталық саябағында қатты желден батут аударылып, бір бала көз жұмды.

Желіде қатты желдің әсерінен батуттың аударылған видеосы тарады. Видео кадрларынан оқиға болған жерде бірнеше жедел жәрдем көлігі кезекшілікте тұрғаны байқалады. Сонымен қатар, адамдардың айқайлап жатқаны естіледі. Саябақта адам көп болған. Роликтің жазбасында зардап шеккендердің көп екені хабарланған.

"25 мамырда сағат 17:30-да Қарағандыдағы Орталық мәдени және демалыс саябағында қатты желден үрлемелі батут жақын маңда орналасқан дүңгіршектің үстіне аударылып қалды. Салдарынан 2007 жылы туған жеткіншек қаза тапты. 2004 және 2012 жылы туған үш бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Салдарынан 11 жастағы бала оқиға болған жерде көз жұмыпты. Сондай-ақ, тағы екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 306-бабына (Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, салдарынан адам өліміне алып келген қызмет көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Дереккөз: КТК

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама