Қарағандыда екі қабатты автокешенде өрт шықты

Қарағандыда екі қабатты автокешенде өрт шықты

?ара?андыда екі ?абатты автокешенде ?рт шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ІІМ ТЖК сілтеме жасап.

Қарағандыда екі қабатты автокешенде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК сілтеме жасап.

"Күнгей" автокешеніндегі өрт жайлы хабарлама сағат 16.16-да түскен. 

Жарнама
Жарнама


"Өрт сөндіру бөлімшесіндегілер ғимараттың ішінде тауарлардың өртеніп жатқанын анықтады. Онда химиялық заттардың және майлардың болуына байланысты өртті ауыздықтау қиынға соққан. 60 өрт сөндірушінің көмегімен сағат 17.42-де өрт сөндіріліп, 17.46-да толықтай ауыздықталды", - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Иманқұловтың айтуынша, өрттің аумағы 750 шаршы метрді қамтыған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, Оқиға орнында 60 өрт сөндіруші мен Қарағанды облысының өрт сөндіру қызметінің 14 дана техникасы жұмыс істеген.

"Көлік дүкені толықтай өртенді. Қуанышқа қарай, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Осы ғимараттың маңында көліктер тұрған. Олар әрең дегенде қауіпсіз жерге көшірілген", - дейді куәгерлер.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама