Қарағандыда екі жарым минутта 12, 6 миллион тонағандарды полиция іздестіріп жатыр

Видеодан алынған кадр

Полицейлер ?ара?андыда?ы зергерлік б?йымдар д?кенін тонау дерегін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Істі тергеуге т?жірибелі мамандар ж?мылдырылды. 

Полицейлер Қарағандыдағы зергерлік бұйымдар дүкенін тонау дерегін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Істі тергеуге тәжірибелі мамандар жұмылдырылды. 

"Полицияда қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді анықтау мен ұстау бойынша барлық қажетті шаралар іске асырылып жатыр. Қарағанды облысы ІІД мен ІІБ-нің дайындығы жоғары қызметкрелері қатарынан жедел-іздеу тобы құрылды. Жақын орналасқан үйлердің тұрғындарынан жауап алынып, қажетті жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр", - дейді өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Бұл дерек СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің "Ұрлық" бабы бойынша тіркелді. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, наурыздың 15-не қараған түні бетперде киген белгісіз үш адам зергерлік дүкенінен 12, 6 миллион теңгенің асыл бұйымдарын алып кеткен. Күзет агенттігінің қызметкерлері оқиға орнына төрт минутта келген. Алайда онда ешкім болмаған. 

Оқиға ішкі бақылау камерасына түсіп қалған. Бетперде, қолдарына қолғап киген және бастарына шахтерлік шам таққан үш адам құйтырқы әрекет еткен. Олар бар ісін екі жарым минутта тындырған. 

Дүкен иелері тонаушылар туралы кез келген құнды ақпарат үшін екі миллион теңге төлеуге дайын. Ол үшін мына телефондарға хабарласуын өтінеді: 8 (7212) 36-30-30, 8 (702) 38 37 477.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама