Қарағандыда ер адамды қағып кеткен Mercedes жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Қарағандыда ер адамды қағып кеткен Mercedes жүргізушісі іздестіріліп жатыр

?ара?анды?а ?йлену тойына ?она? болып келген А?тау т?р?ынын к?лік ?а?ып кетті. Жол-к?лік о?и?асы 5 тамызда болды. Автомобиль тізгінінде бол?ан адам о?и?а орнынан ?ашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарағандыға үйлену тойына қонақ болып келген Ақтау тұрғынын көлік қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы 5 тамызда болды. Автомобиль тізгінінде болған адам оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

29 жастағы Александр Седых отбасымен Қарағандыға 4 тамызда келген. Оны Жауынгер-интернационалистер көшесінің бойында қағып кеткен. 

"Александрға кездейсоқ Дамир есімді куәгер көмектескен. Ол қара түсті 124 модель Mercedes маркалы көлікті байқаған. Нөмірі 74 не 47-ден басталады. Ол ағамды қағып, қашып кеткен. Көлік тізгінінде жігіттер болған. Александр есінен танып қалған, Дамир жедел жәрдем шақырған", - деді зардап шеккен ер адамның қарындасы Әсел Машанова. 

Реклама
Реклама

Александр Х.М. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығына жеткізілген. Дәрігерлер оның аяғына ота жасады. Сонымен қатар, оның басындағы жарақатын таңып берген. 

 

"Зардап шеккен ер адамның жағдайы қазіргі уақытта бірқалыпты. Ол көптеген жарақатымен ауруханаға түскен еді. Қазір ол қарапайым палатада жатыр. Оған тағы бір ота жасалады. Ауруханадан шығару туралы әлі ерте", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Айжан Иса. 

"ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер жол апатына кінәлі көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр. 

"Осы оқиғаға қатысты полицейлер жүргізушінің қайда екенін анықтау және ұстау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деді ведомство баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров. 

Қазіргі уақытта 29 жастағы Александрдың жары мен бес айлық баласы Қарағандыда пәтер жалдап тұрып жатыр. Олар полицейлердің жол апатына кінәлі жүргізушіні тауып, лайықты жазасын беретініне сенімді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама