Қарағандыда граната жарылу кезінде полковник сарбазды денесімен жапқан

© Rkka.zt.ua

Қарағандыдағы гранатаның жарылуы жөнінде толығырақ белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 7 сәуірде сағат 11.00 шамасында Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы 6505 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасының оқу орталығында болған.

"Жедел қызметтің жеке құрамымен әскери граната лақтыру жаттығуы кезінде полковник Қайрат Үмбетов өмірін қатерге тіге отырып, сарбазды өз денесімен жапты", - деді Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің өкілі.

Жедел қызмет сарбазы Абзал Сұлтанқұловтың РГД-5 әскери гранатасымен жаттығу орындау кезінде гранатаны нысанаға қарай лақтырғаны, дегенмен жеткілікті күшпен лақтырылмағандықтан, гранатаның брустверге құлап, төмен қарай сырғығаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

"Полковник Қайрат Үмбетов аздаған секунд ішінде сарбазды итеріп, оны өз денесімен жауып үлгерді. Салдарынан Қайрат Үмбетов иық, оң аяқ және тізе жарақатын алды. Абзал Сұлтанқұловтың аяғының ұшы жарақаттанды", - деді ол. Екі әскери қызметкерге де медициналық көмек көрсетілген. Ешкім ауыр зардап шеккен жоқ.

Көрсеткен ерлігі үшін Қайрат Үмбетовті мемлекеттік сыйлыққа ұсыну мәселесі қарастырылып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама