Қарағандыда кәріз құдығына түскен үш ер адам күкіртті сутектің буына уланып өлді

Қарағандыда кәріз құдығына түскен үш ер адам күкіртті сутектің буына уланып өлді, бір адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Южный ауылында төрт ер адам ашық қалған құдыққа түскен. Кейін олардың жағдайы нашарлай бастайды. Уланып қалған олардың үшеуі сол жерде қайтыс болған, ал бір ер адам Топар ауылының ауруханасына жеткізілді.

"14 сәуірде сағат 18.10-де ауруханаға 1976 жылғы азамат ауыр жағдайда түсті. Оған күкіртті сутекпен уланды деген диагноз қойылды. Қазір оның жағдайы жақсарып келеді. Инфлюзиялық және гормональдық терапия жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ТЖД мәліметінше, ер адамдар құдыққа металл жинау үшін түскен. Құтқарушылар қаза тапқандардың денесін 5 метр тереңдіктен алып шықты. Қазір осы дерекке қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама