Қарағандыда Нұрбанктің күзетшісі өз басына оқ атқаны үшін айыппұл арқалады

© thejizn.com

Қарағандыда Нұрбанктің күзетшісі өз басына оқ атқаны үшін айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Жігіт өзінің ұқыпсыздығының салдарынан жарақат алыпты. Расталмаған мәлімет бойынша, ол орыс рулеткасын ойнап көргісі келіпті. Облыстық ІІД өкілдері ер адамға қатысты әкімшілік хаттаманың толтырылғанын хабарлады.

"Банк күзетшісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "Азаматтық, қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерiн бұзу" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады полициядағылар.

Реклама
Реклама

Енді күзетші 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама