Қарағандыда орталық әмбебап дүкені қоршауға алынды

Орталық әмбебап дүкен.

?ара?андыда орталы? ?мбебап д?кеніні? ?имараты ?оршау?а алынып, адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Қарағандыда орталық әмбебап дүкенінің ғимараты қоршауға алынып, адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Сондай-ақ, Бұхар жырау даңғылында қозғалыстың тоқтатылмағаны айтылады. Оқиға орнында полицейлер, әскери қызметкерлер, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері жүр. Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер 600-ге жуық адамның эвакуацияланғанын хабарлады.

"Сағат 16.34-те 112 пультіне Орталық әмбебап дүкенінде жарылғыш зат бар деген хабарлама келіп түскен. Ер адам қоңырау шалған. Оқиға орнына жедел қызметкерлер барды. Қазіргі уақытта ғимарат тексеріліп жатыр, 600-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың қатарында дүкеннің қызметкерлері мен техникалық қызмет көрсетушілер бар", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің хатшысы Бақытжан Құдияров.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 7 маусымда да Қарағандыда орталық әмбебап дүкені қоршауға алынған болатын. Алайда онда ешқандай жарылғыш зат табылмады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама