Қарағандыда ота жасауға асығып бара жатқан дәрігерді көлік қақты

Камила Долаева Журналист
© Tengrinews.kz

Қарағандыда операцияға асығып бара жатқан дәрігерді көлік қақты. Бұл туралы КТК хабарлады. 

Қарағандыда операцияға асығып бара жатқан дәрігерді көлік қақты. Бұл туралы КТК хабарлады. 

Дәрігер-ренаиматологті шұғыл операцияға шақыртқан көрінеді. Алайда, аурухананың алдындағы көшеден өтіп бара жатқан дәрігерді көлік қағып кеткен. Деректер бойынша, реаниматологтің жағдайы өте ауыр.

"Полицейлер дәрігерді қағып кеткен жүргізушінің аты-жөнін анықтады. Жол апаты абайсызда болғандықтан, көлік иесі қамауға алынбады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жүргізушінің сөзінше, ол жаяу жүргіншілерге арналған жолға шыққан адамды көрмей қалған. Қатты соққы тиген көлікті тергеушілер алып қойып, полицейлердің аудандық бөлімінің аумағына апарды. Ал бірнеше жері сынған дәрігер ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Дереккөз: КТК

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама