Қарағандыда пәтерлердің бірінде өрт шығып, екі бала қайтыс болды

Қарағандыда пәтерлердің бірінде өрт шығып, екі бала қайтыс болды © ТЖД

?ара?андыда ?рт кезінде екі бала ?айтыс болды. ?ай?ылы о?и?а Май??ды?та?ы к?п?абатты п?терлерді? бірінде бол?ан. ?рт жайлы хабар т?скі уа?ытта келген. О?и?а орнына келген ??т?арушылар п?терден газдан улан?ан екі баланы тап?ан. Та?ы бір ?ыз аурухана?а жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда өрт кезінде екі бала қайтыс болды. Қайғылы оқиға Майқұдықтағы көпқабатты пәтерлердің бірінде болған. Өрт жайлы хабар түскі уақытта келген. Оқиға орнына келген құтқарушылар пәтерден газдан уланған екі баланы тапқан. Тағы бір қыз ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өрт 18 ықшамаудандағы № 18 үйде болған. Бұл бесқабатты үй. 3-ші қабаттағы төрт бөлмелі пәтерде жиһаз бен заттар өртенген. Өрт 10 шаршы метрді қамтыған", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, олардың мәліметінше, өрттің шығуының алдын ала себебі -  бүлінген электр құралдары.

"Өрттің салдарынан 2008 және 2015 жылғы балалар газдан уланып, қайтыс болды. Сондай-ақ, 1994 жылғы қыз ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 17 адам мен 4 дана техника жұмылды", - деді ведомстводағылар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама