Қарағандыда қатарына адам тартқан экстремистер сотталды

Иллюстрациялық сурет © tribuna.pl.ua

?ара?андыда діни экстремистік топ м?шелері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі айма?ты? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қарағандыда діни экстремистік топ мүшелері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2017 жылдың қарашасында Қарағанды облысы ІІД Экстремизммен күрес басқармасының қызметкерлері құқық қорғау жүйесінің өзге құрылымдарымен бірігіп, қаланың 37-ден 40 жасқа дейінгі үш тұрғынын ұстаған. Олар адам тартып, оларды тыйым салынған діни-экстремистік әрекеттерге дайындады деп айыпталған болатын. 

Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1-тарауы бойынша қылмыстық іс қозған. 

Реклама
Реклама

Рұқсат етілген тінту кезінде күдіктілердің тұоып жатқан баспаналарынан діни кітаптар мен діни мазмұндағы парақшалар табылды. 

"Ұсталғандарға қатысты айып үкімі шықты. Олар 3 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама