Қарағандыда қолында баласы бар ер адам жүргізушіні ұрып-соқты

Қарағандыда қолында баласы бар ер адам жүргізушіні ұрып-соқты © Youtube.com

Қарағандыда қолында баласы бар ер адам жүргізушіні ұрып-соқты - деп хабарлайды Nv.kz.

Жол апаты Республика алаңы мен Мұқанов көшесінің қиылысында болған. Видеожазбадан "Лада" жүргізушісінің жол ашық деп ойлап, Мұқанов көшесіне қарай солға бұрылып жатқаны көрінеді. Бірақ қарсы бағыттағы жолақ қазір жабық болып шығады. Жолақта екіжақты қозғалыс болғандықтан, ол жақтан Audi көлігі келе жатқан.

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан Audi "Ладаның" оң жақ есігіне соғысқан. Содан көліктер әрең тоқтап, Audi көлігінен қолында баласы бар ер адам шыққан. Оның соңынан "Лада" жүргізушісі де шыққан. Содан қолына баланы ұстап тұрған жолаушы "Лада" жүргізушісін ұра бастаған. Оқиғаның басқа мән-жайы айтылмады.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама