Қарағандыда жолаушылар автобусы аударылып қалды

Қарағандыда жолаушылар автобусы аударылып қалды Иллюстрация © Тengrinews.kz

Қарағандыда жолаушылар автобусы аударылып қалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер қала аудандарының бірінде болған жол апатының жай-жапсарын айтып берді.

Жол апаты Қарағандының октябрь ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, рейстік жолаушылар автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. "Автобус жолдың шетіндегі жыраға түсіп кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 56 жастағы жолаушы әйел алған жарақаттарынан көз жұмды, жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, жол апаты болған кезде автобус салонында 17 жолаушы отырған. Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама