Қарағандыда жүк көлігі 8 жастағы қызды қағып кетті

?ара?андыда ж?к к?лігі 8 жаста?ы ?ызды ?а?ып кетті. ?ыз велосипедпен жолды? р??сат етілмеген б?лігінен ?тіп бара жат?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қарағандыда жүк көлігі 8 жастағы қызды қағып кетті. Қыз велосипедпен жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен өтіп бара жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиғаның видеосы Instagram желісінде жарияланды. Кадрларда қайғылы оқиға болған Қарағанды-Теміртау жолы көрсетіледі. Куәгерлердің айтуынша, қыз велосипедпен келе жатып, жолдан өтіп кетпек болған. 

"Қыз шамамен 8 жаста. Ол әжесімен және шешесімен келе жатқан. Олар жолдан рұқсат етілмеген жерден өтпек болған. Жаяу жүргінші өткелі жоқ ол жақта. Қызды КамАЗ басып кетті", - деді куәгерлер. 

Реклама
Реклама

ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаның болғанын растап отыр. 

"Жол-көлік оқиғасы 18 мамырда сағат шамамен 19.00-де 15-ші магистраль автожолында болды. 47 жастағы жүргізуші Теміртауға қарай жүріп келе жатып, рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Қыз бала оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Осы дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.  

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама