Қарағандыдағы қайғылы оқиға: Батутты дұрыс орнатпаған ер адам қамалды

Камила Долаева Журналист
Қарағандыдағы қайғылы оқиға: Батутты дұрыс орнатпаған ер адам қамалды

Үрлемелі батутты іске қосқан 40 жастағы қарағандылық қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үрлемелі батутты іске қосқан 40 жастағы қарағандылық қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам сауық нысанын заңсыз әрі, талапқа сай орналастырмағаны үшін, сондай-ақ, баланың өліміне әкеп соққан қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

25 мамырда Қарағандының орталық саябағында қатты желден батут аударылып, 11 жастағы бала көз жұмды. Тағы екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Реклама
Реклама

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 306-бабына (Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, салдарынан адам өліміне алып келген қызмет көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама