ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 қаңтар 2018 11:27
Қарағандылық әйел сәбиінің өлімі үшін перзентханадан миллион теңге өндіріп алды
?ара?андылы? ?йел с?биіні? ?лімі ?шін перинаталды? орталы?тан 1 миллиог 29 мы? те?ге ?ндіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандылық әйел сәбиінің өлімі үшін перинаталдық орталықтан 1 миллиог 29 мың теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандының Қазыбек би аудандық № 2 сотының баспасөз қызметі әйелдің 2016 жылдың 29 желтоқсанында перинаталдық орталыққа "Жүктіліктің 41-аптасы. Жалған толғақтар. Ремиссия деңгейіндегі созылмалы пиелонефрит" деген диагнозбен түскенін хабарлайды. 2016 жылдың 30 желтоқсанында әйелге кесарь отасы жасалып, ұл бала дүниеге келген. Бірақ 2017 жылдың 3 қаңтарында сәби көз жұмады. Әйелдің айтуынша, сәби 36 сағат бойы сусыз кеңістікте болған.
"Сот талап етуші тараптың шағымын қанағаттандырып, моральдық шығын ретінде 1 000 000 теңге. ал материалдық шығын ретінде 29 000 теңге өндіру туралы шешім шығарды", - деліген соттың хабарламасында.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу