Қарағандының оқу орталығында граната жарылды: штаб басшысы мен бір сарбаз жарақат алды

© Magicnet.ee

Қарағандыда оқу-жаттығу кезінде граната жарылды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, граната сабақ уақытында жарылған. Салдарынан №6505 әскери бөлімінің полковнигі, штаб басшысы Қайрат Үмбетов пен жедел қызмет сарбазы Абзал Сұлтанқұлов жарақат алды. Олар шұғыл түрде Абай аудандық ауруханасына жеткізілді. Әскери қызметкерлер жеңіл жарақат алды.

ҚР Ұлттық ұланы қызметкерлері төтенше жағдай туралы деректі растады. "Иә, жарылыстың болғаны рас. Біз осыған байланысты баспасөз мәслихатын өткіземіз. Әзірше нақты ештеңе айта алмаймын, ақпаратты айту үшін басшылықпен келісу керек", - деді ҚР Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығының басшысы Қанат Дос.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама