"Қазақмыс" кеншілері мен басшылығы арасында еңбек дауы шықты. Әкімдік жағдайды бақылауға алды

"Қазақмыс" кеншілері мен басшылығы арасында еңбек дауы шықты. Әкімдік жағдайды бақылауға алды

?ара?анды облысы С?тбаев ?аласында кен орындарыны? біріні? ?ызметкерлері мен "?аза?мыс" корпорациясы басшылы?ы арасында?ы е?бек дауы шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?ара?анды облысы ?кіміні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында кен орындарының бірінің қызметкерлері мен "Қазақмыс" корпорациясы басшылығы арасындағы еңбек дауы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 30 қарашасында Оңтүстік-Жезқазған кен орны мен "Қазақмыс" ЖШС басшылығы арасында еңбек дауы шықты. Облыс әкімдігі басшылығының өкілдері мен "Қазақмыс" компаниясының басшылығы оқиға орнында. Келіссөздер процесі жүріп жатыр. Жағдай бақылауда. Келіссөздер аяқталған соң ресми мәлімдеме жасалады", - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, редакцияға Сәтбаевтағы кеншілерден түрлі видеолар келіп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, кеншілер "Қазақмыс" компаниясы басшылығынан жұмыс істеуге жағдай жасауын талап етіп отыр.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама