"Қазақмыс" жұмысшысының вагондар арасына қысылып қалған видеосы жарияланды

Видеодан алынған кадр

Жез?аз?анда?ы "?аза?мыс Корпорациясы" ЖШС байыту фабрикасында ж?мысшы ?аза тапты. ?ай?ылы о?и?а видео?а т?сіп ?ал?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жезқазғандағы "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС байыту фабрикасында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі shock.krg паблигінде жарияланды. Онда арнайы киім киген ер адамның жүк толы екі вагонның арасында қысылып қалғаны көрінеді.

Нәтижесінде ер адам вагондардың арасында қысылып қалып, құлап кетеді. 

Реклама
Реклама

Төтенше жағдай Жезқазғанда байыту фабрикасының аумағында болғаны белгілі болды. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметіндегілер осы жағдайға қатысты түсінік берді.

"Биыл 19 желтоқсанда Жезқазғандағы  "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС байыту фабрикасы аумағында қайғылы жағдай болды. Қаза болған жұмысшы "Tranco Zhezkazgan" ЖШС мердігерлік ұйымында қызмет етті. Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, ведомстводағылар осы оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссияның құрылғанын айтты.

"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС басшылығы мен ұжымы қаза болған ер адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - деді компаниядағылар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама