Қазақстан-Қытай шекарасының маңында екі пойыз соқтығысқан

© Гүлмира Мақанқызы

Достық-Алашанькоу өткелінде екі жүк пойызы соқтығысып, локомотиві өртенген және вагондары рельстен шығып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Оқиға 19 мамырда 05.05-те болған. Пойыздарды "Түрксіб транс тасымалы" ЖШС жеке компаниясының локомотив бригадалары басқарған. Алдын ала бағалау бойынша, соқтығысуға ЖШС меншігіндегі локомотивтің тежегішінің істен шығуы себеп болған. 

Реклама
Реклама

Оқиға орнында "ҚТЖ" ҰК" АҚ арнайы комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Жолаушылар пойызы кешіккен жоқ. Ешкім қаза таппады, зардап шекпеді. Шығын айыпты тарапқа тағылады. Оқиғаның салдарын жою жұмыстарымен Алматы жол бөлімі айналысып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама