Ауа райының күрт ысып кетуіне байланысты судағы қайғылы оқиғалар саны артқан. Өткен демалыс күндері еліміздің су айдындарында 15 адам қаза тапты, оның ішінде екеуі бала, - деп хабарлайды Елорда Инфо Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
"12 адам суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылған, 2-еуі балық аулау кезінде (киімде, жеке құтқару құралдарынсыз болған), тағы біреуі гидроциклде сырғанау кезінде қаза тапты", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.
Тек осы демалыс күндері ТЖД бөлімшелері қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында 452 топ құрған. Олар 563 рейд жүргізіп, 18 711 жаднама таратқан.