Қазақстанда полиция 5 педофилдың қашқаны туралы қауесет таратқандарды іздестіріп жатыр

WhatsApp мессенджері ар?ылы екібаст?зды?тарды? бір-біріне бес педофилды? ?аш?аны туралы хабарламалар таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Хабарламада ?ылмыскерлер т?рмеден босап шы?ты делінген, сол себепті ?ала т?р?ындарына кешкі уа?ытта ж?рмеуіне ж?не балаларды шы?арып салып, к?тіп алу ж?н екені айтылады. 

WhatsApp мессенджері арқылы екібастұздықтардың бір-біріне бес педофилдың қашқаны туралы хабарламалар таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Хабарламада қылмыскерлер түрмеден босап шықты делінген, сол себепті қала тұрғындарына кешкі уақытта жүрмеуіне және балаларды шығарып салып, күтіп алу жөн екені айтылады. 

Хабарламада жазасын өтеуші екі сотталушы 19 ықшамауданда Энергетиктер үйлерінде тұрады, ал қалған үшеуі орталықтан делінген. 

Сонымен қатар, көптеген мектептерде ата-аналар жиналысында осы жағдай туралы ата-аналарға ескертулер жасалған. Ал білім бөліміндегілер мұндай мәліметтердің келіп түспегенін айтады. 

Реклама
Реклама

"Ата-аналарға осы мәселеде бей-жай қарамай, балаларға сақ болу туралы нұсқаулар айтылды, - дейді бөлім басшысы Нұржамал Макумова. - Бірақ бұл шара кәмілет жасына толмаған балаларға жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында ғана". 

Облыстық ІІД өз кезегінде WhatsApp арқылы тарап жатқан хабарламаның шындыққа жанаспайтынын айтады. Полиция қауесет таратқан адамдарды іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. 

Мұндай мәліметті (жалған ақпаратты тарату) ары қарай басқа адамдарға таратқан адам ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату - 1000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама