Қазақстанда ресейлік дипломат қайтыс болды

?скеменде Ресей Бас консулды?ыны? уа?ытша тобыны? басшысыны? ?лігі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дипломат Роман Скрыльниковты? денесі п?терінде табыл?ан. Алдын ала н?с?а бойынша, ер адам инфаркттан ?айтыс бол?ан.

Өскеменде Ресей Бас консулдығының уақытша тобының басшысының өлігі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дипломат Роман Скрыльниковтың денесі пәтерінде табылған. Алдын ала нұсқа бойынша, ер адам инфаркттан қайтыс болған.

Қолда бар мәлімет бойынша, Бас консулдықтың қызметкерінің мәйітін оның жалдап тұрып жатқан пәтерінен жүргізушісі тапқан. Тәртіп сақшылары оның денесінен зорлық белгілерін таппады. Скрыльников инфаркттан қайтыс болды делінеді. Полицейлер қазаның мән-жайын анықтап жатыр.

РФ-ның Өскемендегі Бас консулдығындағылар қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты. 

Реклама
Реклама

"26 желтоқсанда Ресей Федерациясының сапарға жіберілген азаматы Роман Скрыльниковтың Өскеменде инфаркттан қайтыс болғанын растаймыз. Қазіргі уақытта марқұмның денесін Ресейде жеткізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді тілшімізге РФ-ның Қазақстандағы Елшілігінің баспасөз қызметкері Илья Лябухов.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама