Қазақстанда Су-27 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Су-27. © digitalcombatsimulator.com

Т?н жа?дайында о?у-жатты?у ?шуын орындау кезінде авиациялы? о?и?а болып, Су-27 ?ша?ы апат?а ?шырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?аза?станны? ?ор?аныс министрлігіні? ?кілдеріне сілтеме жасап.

Түн жағдайында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде авиациялық оқиға болып, Су-27 ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"Бүгін, 21 желтоқсанда түн жағдайында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде авиациялық оқиғаның салдарынан Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш майор Ә.Ысқақов бар мүмкіндігін салды және ұшақты елді мекеннен алшақ алып кетіп, катапульталанды", - делінген министрліктің ресми пікірінде.

Қазіргі уақытта ұшқыштың жағдайы қанағаттанарлық. Оқиғаның себебі мен мән-жайын ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов тағайындаған комиссия анықтап жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама