Қазақстанда тұңғыш рет 20 мың теңгелік купюра қолдан жасалды

© Тұрар Қазанғапов

Атырауда 20 мы? те?гелік купюраны ?олдан жасау дерегі аны?талды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" облысты? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Атырауда 20 мың теңгелік купюраны қолдан жасау дерегі анықталды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Порталдың жазуы бойынша, 20 мамырда қала дүкендерінің бірінде бір жігіт алған заттары үшін жалған ақша берген. Бұл ең ірі номиналдағы банкнотты қолдан жасаудың алғашқы оқиғасы екенін айта кетейік. 

"Зардап шеккен дүкен сатушысы сол күні дүкеніне ер адам келіп, екі шөлмек сусын алғанын, сусын үшін 20 мың теңге беріп, 19 мың теңгеден астам ақшаны алып кеткенін айтады", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Ал ер адам кетіп қалғаннан кейін сатушы ақшаның жалған екенін көрген. Әйелдің сипаттап беруі бойынша полиция күдіктіні іздеген. Іздеу шаралары кезінде Атырау қаласының 1995 жылы туған тұрғыны ұсталды. "Күдіктінің айтуынша, бұл купюраны ол сувенир ретінде әмиянында сақтап жүріп, қателесіп беріп жіберген", - деп нақтылады ІІД өкілдері. 

Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама