Қазақстандағы интернет-казинолардың 30 сайтының жұмысына тыйым салынды

© acasino.ue

Сот Қазақстандағы интернет-казинолардың 30 сайтының жұмысына тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Атырау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау қалалық сотында қала прокурорының арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Арыз бойынша ғаламтор ресурстарындағы интернет-казиноларды заңсыз деп табу өтініші болған.

"Сот отырысында интернет-ресурстарында қазақстандық қолданушылар еркін кіре алатын 30 сайт бар. Онда интернет-казиносы орнатылған Frank-cazino - онлайн түрде бірнеше құмар ойындар (онлайн - "Зеросы" жоқ рулетка ойыны, диллерлер, блэкджек және покер құмар ойындары) бар және ұтып алынған қаражатты шығарып алуға болады", -  делінген сот баспасөз қызметінен келген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот прокурордың арызын қанағаттандырып, Frank-cazino интернет-ресурстарындағы ойынханалардың әрекетін заңсыз деп танып, Қазақстан Республикасында оның таралуына тыйым салды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама