ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 қазан 2016 11:41
Қазақстандық екі жүк көлігі Алтай тас жолында жол апатына ұшырады
Қазақстандық екі жүк көлігі Алтай тас жолда соғысты, - деп хабарлайды "Банкфакс". Жол апаты 9 қазанда Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің Романовский ауданында болған, - деп хабарлайды басылым ВКонтакте желісіндегі Barnaul 22 тобына сілтеме жасап.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілер зардап шекпеген. Қатысушылар жол-көлік оқиғасына автомобильдердің асыра тиелгендігі себеп болғанына сенімді", - деп жазады "Банкфакс".
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жол апатына жолдың шұғыл бұрылысы себеп болған, себебі бір айдың ішінде дәл осы жерде бірнеше жол апаты тіркелген.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу