Қазақстандық Ыстамбұл әуежайында суицид жасады

Камила Долаева Журналист
© REUTERS/Murad Sezer

Қазақстандық ер адам Ыстамбұлда "Ататүрік" әуежайында қайтыс болды. Ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ өкілдерінің хабарлауынша, 27 қыркүйекте сағат 19.00-де Ыстамбұлдағы "Ататүрік" халықаралық әуежайында Қазақстанның 1981 жылы туған азаматы әкімшілік ғимараттың екінші қабатынан секіріп, суицид жасаған.

"Ол 26 қыркүйекте Түркияға ұшып келіп, бір тәулік әуежайда қонған. Оқиға болған жерге келген түрік дәрігерлері оны құтқара алмады", - деп хабарлады министрліктегілер.

Реклама
Реклама

Бастапқыда түрік БАҚ өкілдері "Ататүрік" әуежайында өзіне-өзі қол жұмсаған адам Қырғызстан азаматы болғанын хабарлаған еді. Алайда кейін Ыстамбұл полициясы оның қазақстандық екенін анықтады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама